Павлодар облысында полиция жұмысшының өліміне қатысты тергеу бастады
Оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша полициямен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза болған азамат экскаваторды қосқыш пунктіне қосу кезінде өте ауыр, өлімге әкеп соққан жарақаттар алған.
Еске сала кетейік, 22 қарашада «Богатырь көмір» ЖШС-де орын алды. 31 жастағы электр слесарін тоқ соғып, салдарынан жұмысшы мерт болды.