Павлодарлық жастар КВН командасымен кездесуге шақырылады

Павлодарлық жастар КВН командасымен кездесуге шақырылады
Иллюстрация: жасанды интеллект

Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Мы ща выйдем» КВН командасының қатысуымен JASTAR TALK кездесуі өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында қатысушылар әзіл әлемінің өкілдерімен еркін форматта пікір алмасып, КВН-нің атмосферасын сезіне алады. Кездесу көңілді әңгімелерге, жанды қарым-қатынасқа және көтеріңкі көңіл күйге толы болмақ.

JASTAR TALK 30 шілде күні сағат 15:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, орын саны шектеулі. Алдын ала тіркелу үшін +7 705 611 7977 нөміріне хабарласуға болады.