Павлодар облысында қоқыс полигонында өрт шықты
Тілсіз жау қысқа уақытта ауыздықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– 29 сәуір күні кешке Ақтоғай ауданы Приреченск ауылындағы рұқсат етілген қоқыс полигонында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен Жоламан және Қожамжар ауылдарындағы «Ауыл құтқарушылары» бекеттері жедел жетті, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, жалын жалпы аумағы 1 гектар аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға күштік қрылымдардың 7 маманы мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде жалын қысқа мерзімде толықтай сөндірілді.