Павлодар облысында үздік зерттеу жобалары анықталды (ВИДЕО)
Байқау 8-11-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде оқушылар арасындағы республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
- Байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік шығармашылығын дамытуды көздейді. Биыл аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған 409 оқушы 16 секция бойынша 314 жоба ұсынды, - делінген хабарламада.
Жас зерттеушілер физика, жер және ғарыш туралы ғылымдар, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, адам және қоғам, өлкетану, әдебиет, этномәдениеттану және тіл білімі саласында өз еңбектерін ұсынған.
Қазылар алқасы жылдан жылға ұсынылған ғылыми жобалардың саны мен сапасы артып келе жатқанын тілге тиек етті.
Конкурс қорытындысы бойынша 245 қатысушы 183 жобамен жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І орынға 26, ІІ орынға 76 және ІІІ орынға 143 оқушы ие болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram