Павлодар облысында ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңге берілді
Бүгінде өңірде көзі тірі төрт Ұлы Отан соғысының ардагері бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәлімдеуінше, облыстың қалалары мен аудандарында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем беру қарастырылған.
– Бүгінде облыста Жеңістің 81 жылдығын қарсы алатын төрт ҰОС қатысушысы бар. Оның үшеуі Павлодар қаласында болса, біреуі Павлодар ауданында тұрады. Қазіргі уақытта бұл төлемдер толық көлемде жүзеге асырылды, - делінген хабарламада.
9 мамыр мерекесіне орай облыстың қалалары мен аудандарында бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына – 200 000 теңге, ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне – 100 000 теңге, блокададағы Ленинград тұрғындарына – 150 000 теңге және ҰОС қатысушысы қайтыс болғандардың жесірлеріне – 60 000 теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі.
Айта кетелік, аталмыш төлемдерді Ұлы Отан соғысына өз үлесін қосқан 2223 адам алып үлгерді.