Павлодарда №111 бағытта үлкен автобустар шықты
Автобустар үлкен болғандықтан, қозғалыс бағытында өзгерістер орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және АЖ бөлімінің мәліметінше, қалаға сыйымдылығы жоғары 1-санаттағы 10 жаңа автобус жеткізілді.
– №111 шағын класты автобус маршрутының жұмысына келіп түскен шағымдарға байланысты осы 10 жаңа автобусты аталмыш бағытқа қою туралы шешім қабылданды. Алайда, жаңа автобустардың сыйымдылығы үлкен, 12 метрлік, бұрылу радиусы үлкен болғандықтан маршруттың қазіргі қозғалыс бағытына өзгерістер енгізу қажет, – деді бөлімде.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүру бағытының сызбасы Астана көшесінен Ак. Сәтбаев көшесіне ауыстырылатын болады. Яғни, бұрын Естай көшесінен Ак. Шөкин көшесіне дейін Астана көшесі арқылы жүрсе, енді бұл бөлікті Ак. Сәтбаев көшесі арқылы өтетін болады.
Қазіргі уақытта жаңа автобустарға GPS бақылау жүйесі және жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі орнатылған. Автобустар жұмысын 2023 жылдың 22 ақпанынан бастады.
Фото: Константин Шелков