Павлодарда ойын алаңында сыра ішкен жастар жазаланды
Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлов көшесі, 30 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғыны қоңырау шалып, балалар алаңында ер адамдар алкоголь ішіп отырғанын және ескертулерге ұрысып жауап бергені жайлы хабарлаған.
– Аталған мекенжайға полиция қызметкерлері жіберілді, олар масаң күйде болған үш адамды ұстады. Мұндай шақырту Геринг көшесінде орналасқан 10-шы үйдің тұрғындарынан да түсті. Орындықта отырған жастар сыра ішіп, шу шығарған. Аталған екі фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді департаментте.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері облыстың жеті мыңнан астам тұрғыны алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін ұсталды.