Павлодар облысында әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы талқыланды
Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша, облыста 23 913 адам жұмыспен қамтылды. Бұл көрсеткіш жоспардың 119,6%-ын құрайды, яғни жылдық жоспарланған 21 700 көрсеткішінен айтарлықтай асып түскен. Жалпы алғанда, өңірде 24 767 жаңа жұмыс орны ашылған.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстар да жемісті болды. Атап айтқанда, өңір тұрғындарына 440 грант беріліп, бұл жоспардың 108,3%-ын құрады. Гранттық қолдау әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға көрсетілді. Бұл санатқа аз қамтамасыз етілгендер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, қандастар, қоныс аударушылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ асыраушысынан айырылған азаматтар кіреді.
Отырыс қорытындысында «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалы Сайлауалды бағдарламада көрсетілген халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі міндеттерді табысты орындап жатқаны аталып өтті.