Тереңкөл фермерлері ақуызға бай дақылдарды сынап көреді

Тамақ өнеркәсібінде одан сүт, тофа, ұн, тұздық өндіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының тағы бір ауданы алқаптарының бір бөлігіне соя егіледі. Өткен жылы Аққулы аграршылары аталмыш дақылды игере бастады, биыл Шарбақты ауданы мен Тереңкөл ауданы қосылды. Соңғысында олар сояға 200 гектар жер бөлуді қарастырған, бірақ жоспарды асыра орындады. Бұл туралы аймақ әкіміне Тереңкөл ауданына жұмыс сапары кезінде баяндалды.
– Көктемгі дала жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Биыл егіс алқабы – 317 мың гектар, бұл өткен жылғы деңгейден 114 пайызға артық. Дәнді және майлы дақылдарды егуді аяқтап жатырмыз. Биыл күнбағыс 36 мың гектарға ұлғайды. Картоппен екі мың, жемшөп дақылдарымен 31 мың гектар егілді. Биылғы жылы жаңа дақылдардың бірі – соя. Жоспар бойынша 200 гектар жер болды, біз оны 800-ге дейін ұлғайттық, – деді аудан әкімі Азамат Маңғұтов.
Тереңкөлдіктер лизинг бойынша техниканы 2,8 миллиард теңгеге, ЖЖМ 85 пайызға сатып алған.
Инвестициялар бөлігінде ірі шаруа қожалықтары жерді игеруге, суаруға арналған учаскелерді игеруге және болашақ егін жинау үшін көкөніс қоймаларын салуға ақша салады.
– Өз учаскемізде алты жаңбырлатқыш машина орнатылды. Сорғы станциясы, жағалау инфрақұрылымы дайын. Электр бөлігі, компьютерлер орнатылады. Ертең понтон дайын болады. Құбырдың ұзындығы – шамамен тоғыз шақырым. Су Ертістен егістікке дейін жеткізіледі. Біз ішкі инфрақұрылымды өз есебімізден жасаймыз, – деді «Шаров» шаруа қожалығының басшысы Евгений Шаров.
Оның айтуынша, өткен жылы күнбағыс ексе, биыл рапсқа көшкен. Суармалы учаскенің жалпы ауданы – 800 гектар. Жобаны қаржыландыру ӘКК-де он жылға жеңілдікпен 2,5 пайызбен қамтамасыз етілді.