Қаптап жүр: Май ауданында ақбөкендердің жаппай көші-қоны бейнеге түсті

Қаптап жүр: Май ауданында ақбөкендердің жаппай көші-қоны бейнеге түсті
Фото: жасанды интеллект

Әуе есеп арқылы киіктердің санағы реттеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Көктөбе ауылында жүздеген киіктің жайылып жүрген сәті бейнеге түсіп, әлеуметтік желіде талқыға түсті. Желі қолданушылар ақбөкендер алқапты таптап кетуі мүмкіндігіне алаңдап, түрлі пікірлер қалдыруда. Алайда Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Исатай Абдразаховтың сөзінше, бүгінде Май ауданы бойынша ешқандай қауіп жоқ. Киіктерде маусымдық көші-қон басталды.  

– Бүгінде ол жерде ақбөкендер жоқ. Тұяқтылар егістік алқаптары жоқ басқа аймаққа кетті. Шаралар қабылдануда, ауыл шаруашылығы жерлерін сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін арнайы топтар құрылды. Инспекторлар мен ауыл шаруашылығы тұтынушыларының мәліметтері бойынша зардап шеккен аумақтар жоқ, – деді Исатай Абдразахов.

Сәуір айында киіктерді есепке алу жұмыстары жүргізілді. Зоология институтының ғалымдары әуе есебінің деректерін нақтылауды аяқтауда. 

Оның сөзінше, Павлодар облысында ақбөкен Ақсу қаласы, Май, Баянауыл аудандары және ішінара Екібастұз аумағында мекендейді. Инспекторлардың айтуынша, тұяқтылар осы аудандар шегінде жайылып жүреді. 

Айта кетейік, барлық егіс аумақтары «Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметкерлерінің қорғауында.