Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жаңа басшы келді

Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жаңа басшы келді
Фото: @duzr.pavlodar

Аян Бексейітов бұл салада он жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ол аталған лауазымға Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімдері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы 5 ақпандағы бұйрығымен тағайындалды. Жаңа қызметіне 6 ақпаннан бастап кірісті.

Аян Бексейітов – мемлекеттік басқару саласында тәжірибесі мол маман. Бұған дейін жер қатынастары және жер ресурстарын басқару бағытында түрлі жауапты қызметтер атқарған.

Еңбек жолын 2013 жылдың 8 мамырында бастаған. Білім беру саласында да ауқымды дайындықтан өткен. 2001 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша, 2002 жылы «Фемида» заң институтын «Заңтану» мамандығы бойынша, ал 2015 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жер ресурстарын басқару департаменті аймақтағы жер қатынастарын реттеу, жер қорын тиімді пайдалану және қорғау мәселелерімен айналысады. Осы орайда жаңа басшының негізгі міндеттерінің бірі – жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және саладағы өзекті мәселелерді шешу болмақ.