Павлодар облысының жол трассаларында қозғалысқа шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығынан жолдар жабылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 137-231 шақырымы аралығында (Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ, «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) да жабылды.