Павлодар облысында апта бойы жаңбыр жауады

Павлодар облысында апта бойы жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа температурасы +20 градустан жоғары болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 20 мамырда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз +18...+23°С жылы болады. 

21 мамырда сынап бағанасы түнде +7...+12°С, күндіз +18...+23°С-ты көрсетеді. Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 

22 мамырда ауа температурасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +18...+23°С-қа дейін жылынады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. 

23 мамырда да жауын-шашын болады. Сынап бағанасы түнде +5...+10°С, ал күндіз +18...+23°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады. 

24 мамырда ауа температурасы түнде +8...+13°С, облыстың солтүстігінде +5°С, ал күндіз +20...+25°С, облыстың солтүстігінде +10...+15°С болады. 

Сенбі күні облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +4...+9°С, ал күндіз +8...+13°С көрсетеді. Жексенбіде жауын-шашын болады. Түнде 2 градус аяз күтіледі, күндіз +10...+15°С-қа дейін жылынады.