Павлодар облысының жол трассасында апатқа ұшыраған адамдар ауыр халде жатыр

Павлодар облысының жол трассасында апатқа ұшыраған адамдар ауыр халде жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі адам реанимацияда ем алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

5 шілдеде сағат 11:58-де Кемеңгер және Хмельницкое ауылдары арасындағы автотрассада үш автомобиль соқтығысып, олардың екеуі жанып кетті.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдемнің үш бригадасы және Апаттар медицинасы орталығының мамандандырылған бригадасы жедел жіберілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасында мәлім етті.

–  Жол-көлік оқиғасы салдарынан 9 адам зардап шекті. Өкінішке орай, сол жерде үш адам қайтыс болды. Қалған зардап шеккендер облыстың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Кейбіреулердің жағдайы ауыр деп бағаланады, – деді басқармада.

16:30-дағы жағдай бойынша зардап шеккендердің екеуі реанимацияда, оның ішінде біреуі №1 қалалық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімінде жатыр. Тағы үш пациентке амбулаториялық ем тағайындалды.

Еске сала кетейік, 5 шілдеде Көктөбе ауылының маңында, Павлодардан 37 шақырым жерде екі автокөліктің соқтығысуы орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.