Павлодарда Аймауытов театрының жабылу маусымы өтеді

Павлодарда Аймауытов театрының жабылу маусымы өтеді
Фото: Константин Шелков

34-ші театр маусымының жабылуына орай Ш.Құдайбердіұлының «Ұждан» қойылымы сахналанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өтетін орны мен уақыты: Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры,  24 маусым күні, сағат 17:00-де.

«Ұждан» Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық пәлсапасына құрылған  әфсаналық қойылым. Қазақтың ұлы данышпан ойшылы қазақ философиясында ар, ұят, ынсап, қайғы мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған. Ол өз философиясында ақыл-ой, ұждан мəселелерін анықтаған.  

Режиссері - Азамат Нигманов /Мәскеу/ 

Сахна, киім бойынша жауапты - Элли Раншэ /Франция/  

Пластика бойынша жауапты - Илья Подчезерцев /Мәскеу/   

Жарық түсіруші - Данияр Сатыбалдиев /Алматы/  

Сахналау - Нұркен Тұрлыбек