Павлодар облысының орманшылары резерват аумағында бүршік жинауға кірісті
Орманды қалпына келтіру үшін барлығы 76 тоннадан астам бүршік жинау жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» табиғи резерватының мәліметінше, Шалдай және Бесқарағай орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары мен орман қалпына келтіру жұмыстарының маусымдық қызметкерлері қарағай бүршіктерін жинай бастады.
– Дайындалған орман тұқымының шикізатынан жоғары сапалы тұқым алу жоспарлануда. Алдағы уақытта жиналған бүршіктерді кептіреміз. Одан кейін олардан тұқым алып, тазартамыз,– деп атап өтті «Ертіс орманының» табиғи резерватында.
Қызметкерлер тұқым жинау процесі көп уақытты қажет ететін жұмыс екенін және бірнеше кезеңдерді қамтитынын атап өтті. Жинауды бастау алдында орманшылар егістік қасиеттерін, зиянкестер мен аурулардың зақымдануын анықтау үшін бүршік жинау орындарына тексеру жүргізеді. Бүршіктің диаметрі кемінде бір жарым сантиметр, ал ұзындығы кемінде үш сантиметр болуы керек. Міндетті түрде биылғы бүршіктер алынады.
– Ерте жиналған қарағай бүршіктері бір айдан кейін өңделіп, қоймада сақталады. Бірақ көп ұзамай оларды кептіру үшін арнайы қоймаға жеткізіледі. Бүршіктер +50 градус температура кезінде тезірек ашылады,– деді резерватта.
Тұқым партиялары жиналғаннан кейін үлгілер куәліктер мен тұқымның кондициялылығын алу үшін Семей АОТС-на зертханалық талдауға жіберіледі. Содан кейін оларды тұқымбаққа жеткізеді. Мамандар тұқымдарды жерге сеуіп, өсу үрдісін бақылайды. Бүршіктер тек екі жылдан кейін ғана толық отырғызу материалы болып шығады.
Тұқымнан өсірілген көшеттер өрттен және ағаш кесуден зардап шеккен орман учаскелеріне отырғызылады.
Бүршік жинау жоспары көшеттердің жерсінуінің 10 пайыздан аспайтындығын ескере отырып жасалады.