Павлодар облысының сүт шаруашылықтары Қазақстанның үздік ондығына кірді
Ең өнімділердің қатарына төрт ферма кірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мал шаруашылығы өңіріміздің агроөнеркәсіптік салаларының ішінде бастыларының бірі болып табылады. Қазіргі кезде облыста мал шаруашылығымен айналысатын 2600-ден астам кәсіпкер тіркелген. Олардың басым көпшілігі Баянауыл ауданында – 555, Екібастұз қаласының ауылдық аймағында – 362 және Ақтоғай ауданында – 260.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының көшбасшылар үштігіне «Агро Трейд ПВ» ЖШС енді. Оның жылдық өнімділігі 1 сауын сиырдан 10 736 келі сүтті құрады. Үздік 10 сүт өндірушілердің ішінде жетінші орынды «Кирова» ЖШС, (10,9 мың тонна), тоғызыншы орынды «Astyk-PV» ЖШС (8,9 мың тонна) және оныншы орынды «Галицкое» ЖШС (8,9 мың тонна) иеленді.
– Солтүстік Қазақстан өңірінің тәжірибесін тарату шеңберінде біздің облысымызға 6 сүтті тауарлы фермаларының құрылысы мен кеңейтуіне 10,0 млрд теңге бөлініп, игерілді, – деп баяндады облыстық мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы.
Сүтті мал шаруашылығы Ақсу қаласы ауылдық аймағында, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты, Ақтоғай және Железин аудандарында жақсы дамыған.
Облыста 36 сүтті-тауарлы ферма бар, олардың ішінде 16 ірі СТФ-да 18 695 бас сиыр бар, сүттің орташа көлемі бір басқа 6 235 келіні құрайды.
Ірі сүтті ттауарлы фермалар шетелдік өндірушілердің заманауи технологиялық жабдықтарын пайдаланады, бұл өнім өндірісінің технологиялық процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.