Павлодар облысының тұрғындары қаржылық сауаттылықты үйренді
Оқыту тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл өңірдің 6500 тұрғынының қаржылық сауаттылығын арттыру жоспарланған, ал Павлодар облысы бұған айтарлықтай қол жеткізді.
Бүгінгі таңда төрт мыңға жуық адам «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысып, оқуын сәтті аяқтады.
– Облыстың әр қаласы мен ауданында кестелер бекітілген. Бес күнге созылатын оқу курстарын тәлімгер мен үш бизнес-жаттықтырушы жүргізді. Сабақтар 9:00-ден 13:00-ге дейін созылады, – дейді ұйымдастырушылар.
Түскі астан кейін бизнес-жаттықтырушылар қатысушыларға банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы мерзімі өткен берешекті реттеу, жеке тұлғаның төлем қабілеттілігі мен банкроттығын қалпына келтіру, Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңес береді.
Сондай-ақ тренинг тыңдаушылары заңгерлік кеңес ала алады.