Биыл жарты миллионннан астам тұрғын «Ertis Promenade» концерттерінің куәгері болды

Биыл жарты миллионннан астам тұрғын «Ertis Promenade» концерттерінің куәгері болды

Павлодарда жазғы концерттер маусымының жабылуына мыңдаған халық жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс орталығының бас сахнасында концерттер тізбегіне әдемі нүкте қойылды. Павлодарлық әртістер Гүлнар Жапарова, Нұрым Нұрғали, Сая Мұхамеджан, Жібек Айтпаева сахнаны негізгі әртістердің шығуына дейін өз әндерімен қыздырды. 

Кештің хэдлайнерлері–қазақ эстрадасының жұлдызы Дильназ Ахмадиева, шетелде танымал болып үлгерген жас әнші Mona Songs пен қазіргі заманда хит болып жүрген Kalifarniya  павлодарлықтарға ерекше атмосфера сыйлады.

Mona Songz өзінің танымал «Поцелованная солнцем», «Долго шёл» өлеңдерін, сондай-ақ  «Салют, Вера» және «Сенен басқа» әндерінің кавер нұсқасын шырқады. Mona Songz бүркеншік атымен жүрген Манарбек Жұматай Аққулы ауданының тумасы. Ол «Песни на ТНТ» жобасынан кейін танымал болды.  Ал 2019 жылы орындаушыға Youtube платформасында миллиондаған қаралым жинаған «Поцелованная солнцем» синглін шығарды.

Концертті Қазақстанның жарық жұлдызы Дильназ Ахмадиева жалғастырып, репертуарын  Ескендір Хасанғалиевтің «Гүл сезім» әнінен бастады. 

–        Бүгін Павлодар жағалауындағы соңғы концерт екен. Мені соңғы концертте өнер көрсету үшін лайық деп санады, сондықтан сіздерді бүгін бақытты қылуға тырысамын,– деді әнші павлодарлықтармен әзілдесіп.

Ол тыңдармандарға «Может, однажды», «Сердце моё» және басқа да әндерін сыйлады. Соңында барлығы асыға күтіп жүрген–«Золотой, золотой» деген өлеңді орындады.

Kalifarniya-ны Павлодар жастары қуанышты айқаймен қарсы алды. Оның «Пуэрто-Рико» хиті кештің ең соңғы әніне айналды.

Сондай-ақ, концертте облыс қалалары мен аудандарының шығармашылық ұжымдары марапатталды. Аймақтың басты сахнасында олар жаз бойы апта сайын өнер көрсетті. Павлодардың мәдени өміріне қатысқаны үшін «Ertis promenade» мүсіншелерін Железин, Май, Павлодар, Шарбақты, Баянауыл, Ақтоғай, Успен, Ертіс, Тереңкөл және Аққулы аудандарының әртістеріне табысталды.  

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі биылғы жылдың жазғы маусымның қорытындысын жасады.

–        Жалпы «Ertis Promenade» маусымы мамырдың 20-сы күні ашылды. Сол күні қырық мыңға жуық павлодарлықтар концертке келіп, әртістердің өнерлерін тамашалады. Мамырдан бастап, қыркүйекке дейін облыс орталығының бас сахнасында 72 шара, 15 тематикалық дискотека өткізілді. Концерттік бағдарламалардың жалпы уақыты–110 сағатты құрады,– деді бөлімде.

Әдемі кештердің себепкері облыстың  1850 әртісі мен арнайы шақырылған Қазақстан эстрадасының 33 жұлдыз бен әншісі себепкер болды. Олардың қатарында–Луина, Еркеш Хасен, Серік Мұсалімов, Маржан Арапбаева, Райм мен Ерке Есмахан, Әлішер Кәрімов, Роза Рымбаева сынды әртістер бар. Павлодар облысының 600 мың тұрғыны осындай концерттік бағдарлама мен керемет кештердің куәсі болды. Концерттерден бөлек тұрғындар үшін отандық кинофильмдердің көрсетілімі, Арбат кештері, спорттық шаралар ұйымдастырылған болатын.