Павлодарда Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтеді

Павлодарда Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеш көрермендерге жоғары деңгейдегі вокалдық орындауларды, романтикалық әуендер мен әсерлі музыкалық шығармаларды ұсынбақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

8 наурыз күні облыстық филармонияның концерт залында Баритондар үштігінің ерекше концерті жоспарланған. Көктемнің шуақты мерекесіне орай ұйымдастырылған музыкалық кеш «Для милых дам» атауымен өтіп, нәзік жанды аруларға арналады.

Концертте облыстық филармонияның солистері – Алмас Мұқатай, Айбар Ашкеев және Алижан Қазбеков өнер көрсетеді. Жанды музыкалық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Виктор Шейкин жетекшілік ететін джаз оркестріне жүктелген. Концертмейстер – Ерлік Сайырхан.

Концерт 8 наурыз күні сағат 17:00-де Н.Назарбаев даңғылы, 1 мекенжайы бойынша облыстық филармонияда өтеді. Билеттер филармония кассасында және Freedom Ticketon жүйесінде қолжетімді.

Байланыс телефондары: +7(7182)68-02-94, 22-80-87, +7(775)593-08-97.

Instagram: @isabaizakovfilarmoniya.