Павлодар облысының жас ақындары кеншілер шаһарында бас қосты

Павлодар облысының жас ақындары кеншілер шаһарында бас қосты

Қара сөздің шеберлері «Поэзия - жанымның шуақ нұры» атты әдеби кеште өз өлеңдерін тыңдармандарына ұсынды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен  Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырған «Поэзия - жанымның шуақ нұры» атты облыс ақындарымен кездесу кеші өтті. 

Әдеби кешке келген көрермендер Павлодар облысының жас ақындарының шығармаларымен танысып, өлеңдерін тыңдады.

Айтулы шараға Екібастұз қаласының ақын-жазушылары мен құрметті азаматтары, білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері һәм ақындыққа жаны құмар студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Кешті  Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Серік Төлеубайұлы мен ақын, “Қыркүйекте көктем бар”, “Қалқа жүрек” жыр жинақтарының авторы Ерболат Әміре жүргізді.

Керемет кештің куәсі болған жыр сүйер қауым әдеби шығармалардан нәр алып, тамаша көңіл-күйде тарқасты.