Павлодар облысы ЖОО-да алыс шетелден 200-ге жуық студент оқиды

Павлодар облысы ЖОО-да алыс шетелден 200-ге жуық студент оқиды
Фото: pexels.com

Ағымдағы оқу жылында 5093 адам қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2024-2025 оқу жылының басында Павлодар облысында 4 жоғары оқу орындары жұмыс істеді, олардың ішінде 3 университет және 1 институт .

Биылғы оқу жылының басындағы студенттер саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 3,9%-ға артып, 15 063 адамды құрады. Барлық студенттер күндізгі бөлімде оқиды.

–   Павлодар облысының жоғары оқу орындарында алыс шетелден 190 студент оқиды, 125 студент – ТМД елдерінен келген, оның ішінен 87 студент – Ресейден. Этникалық құрам бойынша оқитындардың айтарлықтай үлесін қазақтар – 74,6%, орыстар – 16,3%, украиндер – 2,3%, немістер – 2,1%, татарлар – 1,5%,– деді облыстық статистика департаментінде.

Оқуға қабылданған студенттердің жалпы санынан 44,4% жалпы орта білім базасында, 46,8% техникалық және кәсіптік білім базасында, және 8,8% жоғары білім базасында қабылданды. Студенттердің 40,2% мемлекеттік тілінде, 59,7% орыс тілінде, қалған 0,1% шет тілдерінде білім алады.

Мамандарды шығару өткен оқу жылмен салыстырғанда 10,5% -ға азайып, 3776 адамды құрады.

Жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің жалпы санының 30,4% – педагогикалық ғылымдар мамандығы бойынша, 26,7% – инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 17% – бизнес, басқару және құқық, 6,5% – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 4,3% – қызмет көрсету мамандығы бойынша диплом алды.

2024-2025 оқу жылының басына Павлодар облысыныңЖОО – 912 оқытушы жұмыспен қамтылды, олардың ішінде 52 адам ғылым докторы, 310 адам ғылым кандидаттары, 33 адам – профессор ғылыми дәрежесі, 191 адам – доцент. Ғылыми философия докторы дәрежесі бар мұғалімдер (PhD) 143 адам. Магистрдің академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны 347 адамды құрайды.