Павлодар облыстық ТМР департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Жаңа басышы 10 жылға жуық уақыт осы салада еңбек етуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы болып Нұрлан Нұрмұратов тағайындалды.
Нұрлан Нұрмұратов осы уақытқа дейін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Әдіснама басқармасының басшысы қызметін атқарды, осы лауазымда 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келген.
Айта кету керек, табиғи монополияларды реттеу, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау салаларындағы жұмысты 2013 жылдан қоғамдық қызметкерден бастап Қарағанды облысы департаментінің Табиғи монополиялар және бағаларды бекіту бөлімінің басшысы лауазымына дейін атқарған.