Павлодар облысында 2 қаңтарда қатты жел мен көктайғақ күтіледі

Павлодар облысында 2 қаңтарда қатты жел мен көктайғақ күтіледі
Фото: Константин Шелков

Күндіз -3 ...+2°C болжанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Қазгидрометтің мәліметінше түнде -3...+2. Жаңбыр, қар, боран болуы мүмкін. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтілуде.

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні секундына 23-28 метрді құрайды.

Облыс орталығында түнгі температура -1 ...+ 1, күндіз -1...+1°C. Күн бұлтты, қар, боран болады.