Павлодар полицейлері өздерінің ұстаздарын құттықтады

Павлодар полицейлері өздерінің ұстаздарын құттықтады
Фото: облыстық ПД ұсынды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстаздарын бөлімге шақырып, өз жұмыс орындарын көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жыл сайын қазан айының басында елімізде ең сүйікті кәсіби мерекелердің бірі – Мұғалімдер күні аталып өтеді. Қызметтік күнделікті жұмыстардың арасында әрқашан да көңілді, жүрекке жылы сәттерге орын болуы тиіс. 

Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері өздеріне бір кезде сабақ берген ұстаздары – Юлия Терлецкая және Махамбет Нажиповты арнайы шақырып, құттықтады.

– Соңғы қоңырау соққаннан бері талай жыл өтсе де, біз – полиция қызметкерлері – мектептегі жылдарымызды, бізге жақын болып кеткен ұстаздарымызды әрдайым ыстық ықыласпен еске аламыз. Ұстаз – жай ғана мамандық емес, бұл – шын мәнінде үлкен . Сіздердің арқаңызда оқушылар адал, әділ әрі жауапты болуды үйренеді. Еңбектеріңіз оқушыларға білім беріп қана қоймай, оларды тұлға ретінде қалыптастырады, ересек өмірге дайындайды. Кәсібилігіңіз бен ісіңізге адалдығыңыз ең жоғары ілтіпат пен алғысқа лайық, – деп атап өтті құттықтау сөзінде Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Қанат Дүйсекенов.

Жылы да шынайы кездесуде бұрынғы шәкірттері, ал бүгінде бөлім басшылары ұстаздарына гүл шоқтары мен департамент бастығының алғыс хаттарын табыстады.

Өз кезегінде педагогтар да көрсетілген ілтипат пен жылы құттықтауларға алғыс білдірді.