Павлодар пойыздарының жүру кестесінде кешігулер болуы мүмкін
Оған Қазақстанның оңтүстігінде жүк вагондарының рельстен шығып кетуі себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, Түрксіб-Шу учаскесіндегі Аспара станциясында жүк вагондарының рельстен шығып кетуі және жөнделу жұмыстары пойыздардың жүру кестесіне әсер еткен.
Келесі бағыттар бойынша пойыздар шамамен 3-4 сағатқа кешігуі мүмкін:
Ташкент – Алматы, Сарыағаш – Алматы, Ақтөбе – Алматы, Атырау – Алматы, Қызылорда – Семей, Маңғыстау – Алматы, Түркістан – Павлодар, Алматы – Маңғыстау, Астана – Шымкент, Алматы - Орал , Алматы - Саратов, Алматы - Ақтөбе, Алматы – Маңғыстау.
Жөндеу жұмыстары кезінде пойыз жолаушылары тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Жолаушылар пойыздарының жүру кестесі туралы анықтаманы 1433 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе KTZ телеграм боты арқылы біле алады.