Павлодарлықтарды кино кешіне шақыруда

Павлодарлықтарды кино кешіне шақыруда
Фото: pexels.com / Quark Studio

Көрсетілім ашық аспан астында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілде күні сағат 19:00-де «Томирис» фильмі көрсетіледі.

«Томирис» – массагеттерді билеген ханшайым Томирис пен Кир II туралы түсірілген қазақстандық көркем фильм. Режиссёрі Ақан Сатаев. Фильмнің тұсаукесері 2019 жылдың қыркүйек айында өтті. Фильм Геродоттың Тұмар ханша билеген массагеттермен соғысқан парсы патшасы Ұлы Кирдің қазасы туралы оқиғасында негізделген.

Өтетін орны: Генерал Дүйсенов көшесі, 105 – қалалық саябақ