Павлодар – Семей тас жолында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды

Павлодар – Семей тас жолында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аққулы ауылынан 20 шақырым жерде Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, кюветке аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla көлігінің жолаушысы көз жұмды, екі адам түрлі жарақат алды.

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жолдағы жылдамдық режимін қатаң сақтау, қозғалысы көп және жолы күрделі учаскелерде барынша сақ болу, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.