Павлодар сорғы станциясында жабдықтарды жаңғырту жұмыстары аяқталды

Павлодар сорғы станциясында жабдықтарды жаңғырту жұмыстары аяқталды
Фото: Сәния Уваисова

Өткен жылдың 21 маусымында электрмен жабдықтаудың технологиялық бұзылуы салдарынан қаланың басым бөлігі сусыз қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Оңтүстік су қабылдау цехының бастығы Александр Скороходов облыс әкіміне оңтүстік су қабылдағыш көтергішінің бірінші сорғы станциясында қандай жүмыс атқарылғанын баяндады. Станцияда ағымдағы жөндеу жұмыстары жыл сайын, соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізіледі. Екі сорғы қондырғысы бір жарым есе қуатты түріне ауыстырылды, сондай-ақ апаттардың алдын алу үшін аталған сорғылардың электр сорғысы қайта құрылды, өз қорғанысы бар электроник қозғалтқыштары басқару шкафтары, тірек тораптарындағы негізгі клапандар ауыстырылды. 

Бұл мақсаттарға шамамен бір жарым миллиард теңге жұмсалды. 

Жаңарту жұмыстарын жүргізу уақыты келді, – деді Александр Скороходов.  – Қазір планшетте қозғалтқыштардың жұмысының барлық көрсеткіштері толық көрсетіледі. Егер кенеттен электрмен жабдықтауда қандай да бір мәселе туындаса, біз басқа желіге ауысып, жұмысты жалғастырамыз. Қала бұл жайлы тіпті байқамай да қалады. 

Станцияда үнемі кезекші электромонтер мен машинист болады. Қажет болған жағдайда жөндеушілер бригадасы қосылады. Станция Ертістен су алып, оңтүстік су айдынына айдайды, онда судың бір бөлігі тазартуға кетеді, ауызсу өндіріледі, ал екінші бөлігі транзитпен ЖЭО-1, Қазақстан Алюминийіне және басқа да кәсіпорындарға айдалады.

Өткен жылы кернеу артып, автоматика жанып кетті, қалада кешкі сағат сегізге дейін қысым төмен болды, – деді облыс әкімі Асайын Байханов. – 12 сағат қалпына келтірілді. Сол кезде олар «Су арнасы» сорғы жабдықтарын жаңартуды шешті. Ондай жағдай қайталанбауы керек. 

Естеріңізге сала кетейік, «Павлодар-Водоканал» ЖШС 21 маусымда есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлемақы есептемеді.