Павлодар тұрғындары полицейлермен бірлесіп тәртіп орынатуда
Облыс тұрғындары құқық бұзушылықтар туралы полицияға хабарлауды жиілете бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, соңғы уақытта өңір тұрғындары заң бұзғандарды видеоға немесе фотоға түсіріп тәртіп сақшыларына жолдауды әдетке айналдырған. Бұл құқық қорғау органдарының ауыр қылмыстардың алдын алуына зор көмек беруде.
– Бүгін Омниканалдық «Police 102» мобильді қосымшасына хабарлама келіп түсті. Онда Лермонтов көшесі, 87-үйдің маңында «Haval» маркалы автокөліктің тротуарға қойылғаны, тұрғындарға қолайсыздық туғызғаны айтылған. Хабарламаға құқық бұзушылықты көрсететін фотосуреттер де қоса жіберілген, – делінген хабарламада.
Көрсетілген аумаққа келген полицейлер, автокөліктің шынында да подъездің жанында тротуарға қойылғанын анықтады. Жол бойымен жүріп, подъезге кіру үшін адамдарға көлікті айналып өтуге тура келген. Үй тұрғындары полицияға бұл подъезде көп қарт адамдар мен кішкентай балалары бар отбасылар тұратынын айтып берді. Арбадағы балалармен автокөлікті айналып өту өте ыңғайсыз. Бұл құқық бұзушылықты жою және азаматты жауапкершілікке тарту үшін тәртіп сақшылары автокөліктің иесін анықтады. Құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, биыл «Police 102» мобильді қосымшасын Павлодардың 222 тұрғыны пайдаланған.