Павлодар теміржол вокзалында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
1976 жылы туған азамат облыс тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің мәліметінше, қызметкерлер «Тасымалдаушы» жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында станцияның теміржол вокзалында бағдарлау бойынша ер адам ұсталды.
Тексеру кезінде шартты түрде сотталған азаматтың 2023 жылғы 30 шілдеден бері ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргендігі анықталды.