Павлодар тумасы «Құрмет» орденімен марапатталды

Павлодар тумасы «Құрмет» орденімен марапатталды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметінен

ҚР Қарулы күштері орталық ансамблінің солисі Эльдана Габерман Астанада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X мерейтойлық құрылтайында арнайы спикер ретінде сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жарлығымен жоғары марапатқа ие болды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі. 

Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X мерейтойлық құрылтайы өтті.

Ауқымды жиынға жерлесіміз, ҚР Қарулы күштері орталық ансамблінің талантты солисі Габерман Эльдана Александровна арнайы спикер ретінде қатысты.

Жиын барысында Эльдана мемлекеттік тілдің қоғамды біріктіруші рөлі мен өнер саласындағы маңызы туралы ой өрбітіп, қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.

Рухты жырлар мен әндер арқылы қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып жүрген өнер иесінің еңбегі ерен бағаланып, ел Президентінің Жарлығымен жоғары марапат - «Құрмет» орденімен наградталды.

Бұл жетістік- бүкіл Павлодар өңірі мен қазақ өнері үшін үлкен мақтаныш.

Туған жердің абыройын асқақтатқан жерлесімізге шығармашылық табыс, жаңа белестер мен сарқылмас шабыт тілейміз!