Павлодар тұрғындары күйіктің иісіне шағымданды
Себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала тұрғындарының мұнай өнімдерінің иісіне қатысты көптеген шағымдарына байланысты экология департаменті, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары департаменті және «Қазгидромет» филиалының мамандары ауа параметрлерінің өлшеуін бастады.
Өлшемдер «Компания Нефтехим LTD» ЖШС, «ПНХЗ» ЖШС және асфальт-бетон зауыттарының санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жүргізілді. Дәл сол орындарға мұнай өңдеу өнімдерінің шығарындылары тән.
Барлық шағымдар кеше түнде түскен, ал талдау күндіз жасалған. Сондықтан деректердің сенімділігі үшін мониторинг түнгі уақытта жалғасады. Нәтижелері толық талдаудан кейін хабарланады.