Павлодар жастары адалдықты насихаттайтын байқауға қатыса алады

Павлодар жастары адалдықты насихаттайтын байқауға қатыса алады
ЖИ иллюстрациялық суреті

Оған қала мектептерінің оқушылары, студенттер және жұмыс істейтін жастар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда «Заң мен тәртіп – адалдықты таңдаймыз!» атты шығармашылық жұмыстардың онлайн-байқауы өтуде. Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастарды адалдыққа, әділдікке, жауапкершілікке және заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушылар жастарға өз шығармашылығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын білдіріп, заң талаптары мен адалдық қағидаттарын сақтаудың әр адам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.

Қатысушылар екі номинация бойынша бақ сынай алады: «Үздік сурет» және «Үздік бейнеролик». Байқау жұмыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты қамтып, күнделікті өмірдегі адалдық пен жеке жауапкершіліктің маңызын көрсетуі тиіс.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқау 20 қарашаға дейін жалғасады. Қатысу шарттары мен жұмыстарды ұсыну тәртібі туралы қосымша ақпаратты +7 (771) 341-56-72 телефоны арқылы алуға болады.