Павлодар қалалық мамандандырылған ХҚО бұрынғы жұмыс кестесіне оралды
Павлодар қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына шетелдік көліктерді заңдастыруға байланысты өзгерістер енгізілген болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
– Шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша өтініштердің азаюына байланысты Космонавтар көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар қалалық МХҚО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді, – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» МК Павлодар облыстық филиалында.
Естеріңізге сала кетейік, заңдастыру науқаны 23 қаңтарда басталды. Осыған байланысты мемлекеттік корпорация арнайы ХҚКО жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Осы уақытқа дейін Космонавтов көшесі, 2 мекенжайында орналасқан автосервис орталығы дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді.
Шетелдік көлік иелеріне 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыру міндеттелген. Шетелдік нөмірі бар көліктермен сол елдің азаматтары ғана жүре алады. 1 шілдеден бастап Қазақстан азаматтары мұндай көліктермен жүре алмайды. Павлодар облысында 3000-ға жуық шетелдік автокөлік бар.