Павлодарда алты балалы анаға үйін жөндеуге көмектесті

Павлодарда алты балалы анаға үйін жөндеуге көмектесті
ЖИ иллюстрациясы

Отбасына тұрмыстық техника, жиһаз және азық-түлік берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының Отбасын қолдау орталығының мәліметінше, алты баласын жалғыз тәрбиелеп отырған анаға кешенді әлеуметтік көмек көрсетілді.

Отбасының үйінде электр монтаждау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пластикалық терезелер орнатылды. Сондай-ақ үйдің айналасы тазартылды.

Ана мен балаларына жаңа асүй жиһазы, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары мен матрастар берілді.

Көмек көрсетуге Павлодар қаласының прокуратурасы, пробация қызметі, облыстық мәслихаттың VI шақырылым депутаты Арман Мұсабеков, қалалық мәслихаттың VIII шақырылым депутаты Серік Құсайынов, Мақсат Рүстемханов, «Лига үміт» ЖШС, «Аналар үйінің» өңірлік өкілі Салтанат Мұратқызы және құрылыс дүкені атсалысты.