Павлодарда анасымен шыққан жігіт жоғалып кетті
31 жастағы жігітке қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Vita еріктілерінің айтуынша, себебі, ол адамдарға жақындап, су немесе тамақ сұрай алмайды.
– Жанат Инцыбаев 12 шілде күні сағат 20.30-да Мүткенов көшесі, 50 мекенжайында орналасқан үйден шығып, жылдам ауладан шығып кеткен. Анасы оның артынан жүгіріп шығып, Шарбақты тас жолына дейін барған. Көпірден өтіп, Жетекші кентіне жақындағанда Жанат көзден таса болған, – дейді еріктілер.
Сондай-ақ жігіт Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансердің тізімінде тұр. Қара трико, көк іш көйлек, қара аяқ киім киген.
Еріктілер бүгін таңғы 6-дан бастап іздеу шараларын жүргізген. Егер де Жанат Инцыбаевтың қайда жүргені туралы білетін азаматтар болса, төменде көрсетілген телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 8 747 615 55 63 (Катерина) 8 777 334 82 01 (Светлана).