Омбы автожолында сиырларды қаққан павлодарлық жазаланды
Жол-көлік оқиғасы 2 сиырдың өлуі мен 2 сиырдың жарақаттануына әкеп соқты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот жол жүру ережелерін бұзып, сиырларды қаққаны үшін азамат Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
– Сотта азамат Ш. Омбы-Майқапшағай автожолында көлікті басқарып келе жатып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай сиырларды қаққаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы 2 сиырдың өлуіне және 2 сиырдың жарақаттануына әкеп соқты. Сот отырысында азамат Ш. ЖКО жасауда кінәсін мойындады және ЖКО-ның мән-жайларын растады, – деді ведомствода.
Азамат Н., Ш., А. материалдық шығын келтірілгенін пайымдады.
Сот азамат Ш.-ны әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және оған 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.