Шарбақтының тұрғыны ресімделген жер учаскесі құжаттарын үш ай ала алмаған
Азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Павлодар облысы бойынша филиалының мәліметінше, үш ай ішінде Шарбақты ауданының азаматы заң бойынша ресімделген жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау бойынша мемлекеттік қызметті ала алмай жүрген.
– Департаментке келіп түскен өтініш негізінде филиалдың қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қызметкерлердің жетіспеушілігі себебінен мемлекеттік актіні дайындау ұзақ мерзімге кешіктірілгені анықталды,– деді корпорацияда.
Департамент араласқаннан кейін ғана филиал мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдады. Азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан департаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 12 өтініш келіп түсіп, оның дәлелін тапқан екі өтініш бойынша өтініш иесінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.