Павлодар әскери бөлімінде техникалар тексерілді

Павлодар әскери бөлімінде техникалар тексерілді
Фото: 6679 әскери бөлімі ұсынды

Мұндай шара жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

6679 әскери бөлімінде «Шығыс» өңірлік қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Азамат Ғабдуллиннің басшылығымен барлық әскери автобронетанк техникасына жылдық техникалық тексеру жүргізілді. 

Іс-шара көлік құралдарының, арнайы және броньды танк техникасының техникалық жай-күйі мен жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, оларды пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде жүргізушілердің жол жүрісіне қатысуға жіберілуін бақылау мақсатында жыл сайын өткізіледі. 

Техникалардың жай-күйі мен қару-жарақ, оқ-дәрілер тексерілді. Техниканы байқау нәтижелері бойынша кіші сержант Қуат Ишанов, кіші сержант Данил Елов үздік нәтижелер көрсетті, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау, есепке алуды ұйымдастыру бойынша 1 атқыштар ротасы (рота командирі аға лейтентант Мұханбетәлі Өсербай) және материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасы (рота командирі, аға лейтенант Малик Смағұлов) үздік деп танылды.