Павлодардағы ҮЕҰ мемлекеттік гранттар конкурсына қатыса алады

Павлодардағы ҮЕҰ мемлекеттік гранттар конкурсына қатыса алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Олар 2026–2027 жылдарға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған екі орта мерзімді мемлекеттік грант беру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

- Аталмыш қолдау қоғамдық кеңестердің әлеуетін көтеруге, жалпыұлттық бірлікті нығайту және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру қызметін дамытуға бағытталған жобаларға көрсетіледі, - делінген хабарламада.

Өтінімдер 2026 жылғы 18 ақпаннан 18 наурыз сағат 18:30-ға дейін, 20 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Конкурс туралы толық ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптар cisc.kz сайтындағы «Гранттар» – «Гранттар туралы хабарландырулар» бөлімінде орналастырылған.

Қосымша кеңес алу үшін +7 (702) 984 98 06, +7 (7172) 79 04 31, +7 (7172) 79 08 07 байланыс телефондарына хабарласу керек.