Павлодарда Қала күніне арналған концертте МакSим өнер көрсетпейтін болды

Павлодарда Қала күніне арналған концертте МакSим өнер көрсетпейтін болды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Оның орнына Светлана Лобода мен Миша Марвин келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде Қала күніне орай тұрғындар мен қонақтарды мазмұнды әрі жарқын мерекелік бағдарлама күтеді.

Бұған дейін мерекелік сахнада Диана Исмаил, Ильхан, «Ирина Кайратовна», МакSим және «Fly Project» тобы өнер көрсететіні хабарланған болатын.

Өкінішке қарай, кештің басты қонақтарының бірі – әнші МакSим кеше ауруханаға түсті. Денсаулық жағдайына байланысты ол Павлодарға келе алмайды және мерекелік концертке қатыса алмайды. Дегенмен, Қала күніне арналған концертте танымал өнер жұлдыздары Светлана Лобода мен Миша Марвин сахнаға шығады, – деді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары қатысатын мерекелік кеш 25 шілде күні сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында жоспарланған.