Павлодардағы мектептердің бірінде оқушылар ауруханаға түсті
Мектеп әкімшілігі ішкі тексеру жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 12 қазанда мектептердің біріндегі оқу кабинетінде өткір иісі бар таблеткалар табылған. Сабақтан кейін төрт оқушының денсаулығы сыр берген.
2014 және 2015 жылы туған үш оқушы улану белгілерімен облыстық балалар ауруханасына жүгінген. Кезекші педиатр оларды тексергеннен кейін амбулаториялық бақылауға жіберді. Дәрігерлер балалардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.
Оқиғаға байланысты мектеп қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылды.
Еске сала кетейік, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушысы Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығына жатқызылып, қазіргі уақытта медициналық көмек алып жатыр. Дәрігерлер қыздың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда.