Павлодардағы түзеу мекемесінен электронды құрылғылар тәркіленді

Павлодардағы түзеу мекемесінен электронды құрылғылар тәркіленді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың қатарында смартфон мен Wi-Fi-роутерлері бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда прокурорлар өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде режим талаптарының сақталуы және тыйым салынған заттардың мекемеге жеткізілу арналарының анықталуы бойынша тексерулер жүргізді.

Мекемелердің біріндегі үй-жайдан 15 смартфон, 6 Wi-Fi-роутер, сымсыз және сымды құлаққаптар, USB-кабельдер, флеш-карталар, Sony PlayStation ойын приставкасы және басқада заттар анықталып, тәркіленді. Аталған заттарды сотталғандарға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 371-бабы (салғырттық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың режимдік объектіге қалай түскені, оларды ішке өткізу арналары және оған қатысы бар тұлғалар анықталуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.