Павлодардағы ЖЭО-2 маңындағы ауа сапасы тексерілді
Экологтар тұрғын аймаққа жақын маңдағы атмосфералық ауаның сапасын арнайы зертханалық құрылғылармен өлшеп шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
13 ақпан күні облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары «ЖЭО-2» санитариялық-қорғау аймағының шекарасында, тұрғын аймаққа жақын жерде (1000 м қашықтықта) атмосфералық ауаға көшпелі мониторинг жүргізді.
Тексеру барысында ауа құрамындағы шаң, азот оксиді, азот диоксиді және күкірт диоксиді сияқты ластаушы заттардың мөлшері назарға алынды. Жүргізілген өлшеу нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асу фактілері анықталған жоқ. Барлық көрсеткіштер белгіленген экологиялық нормативтерге толық сәйкес келеді, – делінген хабарламада.
Өңірдегі экологиялық жағдай мамандардың тұрақты бақылауында, ал мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да бекітілген тәртіппен жүзеге асырыла бермек.