Павлодардағы жерасты өткелі бақылауда болады

Павлодардағы жерасты өткелі бақылауда болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ондағы тәртіп камералар арқылы қадағаланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Академик Сәтбаев көшесі бойындағы жерасты өткелінде бейнебақылау камералары орнатылды.

Ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, жалпы пайдалану орындарын, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлағаны үшін жауапкершілік көзделгенін хабарлаймыз, – деп ескертеді ТҮКШ бөлімінде.

Бұған дейін жерасты өткелін колледж студенттері этно стильде безендіретіні хабарланған болатын.