Павлодарда ішіп алған жүргізуші полицияны алдамақ болған

Павлодарда ішіп алған жүргізуші полицияны алдамақ болған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дегенмен, тәртіп сақшылары оған айласын асыруға жол бермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов көшесіндегі дүкеннің жанында ВАЗ маркалы автокөлікті басқарған облыс орталығының тұрғыны көзге түскен. Мас жүргізуші ішіп алған күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланудан қорқып, артқы жолаушылар орындығына ауысқан. 

–  Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам мас күйінде болды. Сонымен қатар, 2020 жылдың желтоқсанында жүргізуші полицияның назарына түсіп, сот оны жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу  құқығынан айырғаны анықталды, – дейді департаментте. 

Басқа да жағдайлар бойынша автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. 

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер көлік құралын алкогольдік және есірткіге мас күйінде жүргізгені үшін 305 құқық бұзушының жолын кескен.