Павлодарда қансорғыштарға қарсы авиа өңдеудің тиімділігі рекордтық көрсеткішке жетті

Павлодарда қансорғыштарға қарсы авиа өңдеудің тиімділігі рекордтық көрсеткішке жетті

Маусым айының соңына қарай қансорғыштардың белсенділігі төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Дияр Қайыркеновтің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда ауа өңдеу көлемі 45 мың гектарға артып, рекордтық көрсеткіш 172 мың гектарды құраған.

– Бүгінгі таңда ғылыми топ дернәсілдерге қарсы әуеден өңдеудің тиімділігін 90%-ға бағалап отыр, бұл жоғары көрсеткіш, – деді ол.

«Биосфера» ҒӨК ЖШС гылыми тобының өкілі Қанат Ахметов дененің ашық бөлігіне (мысалы, иыққа) 20 минут ішінде қонатын жәндіктердің санын санауды қамтитын әдістеме бойынша қансорғыштардың қазіргі көрсеткіші төмен екенін атап өтті.

–  Қансорғыштардың ең агрессивті кезеңі аяқталды. Қазан айына дейін тағы бірнеше ұшу болады, бірақ біз оларды сезбейміз, қансорғыштар ендігі агрессивті емес, белсенділік танытпайды, негізінен судың жанында қалады, – деді Қанат Ахметов. – Су басқан алқаптың 90 пайызын су басқандықтан, масалардың ұшып шығуына орын көбейген, дегенмен қалай болғанда да олардың агрессивтілігі де төмендеді.

Алдағы уақытта химиялық өңдеумен қатар, ұшатын жәндіктермен қоректенетін инеліктердің пайда болуы күтілуде.

–  Маусым айының ортасында инеліктер жаппай пайда болып, шыбын-шіркейлерді табиғи бақылау күшейеді,– дейді маман.

Сонымен қатар, кешкі уақытта жағалаудағы темір жол көпірінен тау шаңғысы базасына, Усолка бөгетіне дейін, саябақтарда, скверлерде, кварталішілік аумақтарда және саяжайларда масаларға қарсы тосқауыл шаралары жалғасуда.