ERG кәсіпорындары кішкентай павлодарлықтарға арнап мереке ұйымдастырды

ERG кәсіпорындары кішкентай павлодарлықтарға арнап мереке ұйымдастырды

Гагарин саябағында Балаларды қорғау күніне орай «ERG jaz FEST» өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ERG компанияларына енетін кәсіпорындар мұндай жазғы мерекелерді өткізуді дәстүрге айналдырған. «ERG jaz FEST» іс-шарасының ерекшелігі – «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «ERG Service» ЖШС мерекені бірлесе өткізді.

Гагарин саябағының аумағы жеті тақырыптық аймаққа бөлінді: 5-7 және 8-12 жастағы балалалар ойын-сауық алаңдары, 7 жастан үлкен балаларға арналған квест, аквагрим, шығармашылық аймақ, лазертаг және спорттық тимбилдинг. Мысалы, соңғы локацияда футболдан күш сынасып, ата-аналармен бірге баскетбол немесе волейбол ойнауға мүмкіндік болды. Жарыстар мен басқа да ойын-сауықтарға ERG кәсіпорындары қызметкерлерінен басқа қаланың кез келген азамат қатыса алды.

- Мұндай іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылады, алайда биылғы мерекенің басты ерекшелігі оның Топтың басқа да кәсіпорындармен бірлесе ұйымдастырылғандығында – бұрын ERG әрбір кәсіпорыны мұндай мерекені бөлек ұйымдастыратын, - дейді мереке волонтері, «ҚЭЗ» АҚ әкімшілік қолдау офисінің басшысы Жұлдыз Кемелова. – Мерекеге жұмыскерлер мен олардың отбасыларынан бөлек қаланың барлық азаматтары қатыса алды. Бүгін шамамен 1 000 адамды қамтимыз деп жоспарлап тұрмыз.

Жоғарыда аталған ойын-сауық пен квестерден өзге ERG компаниялары тәтті мақта, балмұздақ пен салқын сусындарды тегін таратты. Бұл нағыз аптап ыстықта әсіресе көреген шешім болды. Балалар балмұздақтан дәм татып, әртүрлі локациялар арасында зыр жүгіріп, қайсысына тоқтарын білмей көңіл көтерді.

- Маған бәрі ұнайды, - деді ERG Service құйма-механикалық цех учаске бастығының немересі Жантөре Батрачин. – Мен мұнда ағаларыммен бірге қыдырып жүрмін. Әсіресе гигант-аниматорлар мен лазертаг ұнады.

Оның атасы 23 жыл ҚМЦ-да Мәжит Батрачин жақында ғана зейнетке шыққан. Қарапайым жұмысшыдан бастаған ол кейіннен шебер және учаске бастығы болып жұмыс істеген. Сөзіне қарағанда, ERG кәсіпорындары мұндай мерекелерді, спортық жарыстарды үнемі өткізеді. ҚМЦ ERG Service футбол, волейбол және баскетбол командалары бар, олар тұрақты түрде әртүрлі турнирлерге қатысады.

Балалар шығармашылық мастер-класстар мен Холи бояуларын да қаперден шығармады: балаларды бояуларды дұрыс пайдаланып, аквагрим салуды үйретті. Мастер-класс әсіресе қыздарға ұнады, олар суретшілердің барлық ақыл-кеңестерін ұқыпты орындауға тырысты. Олардың арасында «Қазақстан алюминийі» АҚ электригі Мейрам Зайнуллиннің де қызы болды. Оның сөзіне сенсек, мереке көңілден шықты – балалар эмоциялармен бөлісіп, жан-жақтан кішкентайлардың сыңғырлаған күлкісі естілді.

Ата-аналар да кешін көңілді өткізді. Бас сахнада «21:47» кавер-тобының мерекелік концерті өтіп жатты. Музыканттар 80-, 90-жылдардың атақты әндері мен қазіргі кездегі Қазақстан және әлемдік хиттерді шырқады. Әрине, танымал балалар әндері де орындалды. Көрермен алдында оригиналдық жанр әртісі Ильдар Жүсіпов те өнер көрсетті. Әртіс түрлі фокустар жасап, павлодарлықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.