Павлодарда қай көшелерде жарық болмайды

Павлодарда қай көшелерде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Академик Шөкин көшесі, 1 және Академик Сәтбаев көшесі, 306 мекенжайларында жарық болмайды. Шектеу «Энергетик» шипажайына, стоматологияларға және осы аумақта орналасқан бірқатар коммерциялық нысанға да қатысты.

Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін мына аумақтарда электр энергиясы өшіріледі:

  • С. Нұрмағамбетов – Вс. Иванов – Ж. Аймауытов – Кисловодская көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер; 
  • Я. Геринг – Омбы – С. Нұрмағамбетов – Комсомольская көшелері аумағындағы жеке үйлер; 
  • Малайсары батыр – Гурьевская – С. Щедрин – Комсомольская көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер; 
  • Бекмаханов көшесі, 153; 
  • С. Нұрмағамбетов көшесі, 100/1; 
  • Қарағанды көшесі, 1; 
  • Иссык-Кульская көшесі, 2А; 
  • Елгин көшесі, 23 және 24. 

Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Қайырбаев – Желтоқсан – Кривенко – Академик Бектұров көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалады.